Астана қалалық білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты оқушылар үшін маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2026 жылғы 12 ақпанда ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", деп хабарлайды елорданың білім басқармасы.
Ал екінші ауысымдағылар үшін мәлімет ертең анық-қанық болатыны нақтыланады.
Тегтер: #Астана
Followers
Subscribers