Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 300-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
10.12.2025 09:33

Астанада қар күреу жұмысына 3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1 300-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

Астананың коммуналдық қызметтері қыс басталғалы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қаладағы қар тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

Өткен түні коммуналдық қызмет өкілдері 1559 рейспен арнайы полигондарға 19 мың текше метрден астам қар шығарды.

10 желтоқсан күнгі таңертеңгі жағдай бойынша қар тазалау жұмысына 3 мыңнан аса жол жұмысшысы мен 1378 арнайы техника бірлігі жұмылдырылған.

Қыс мезгілі басталғалы бері елордадан жалпы 365 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл 28 463 ауыр жүк көлігіне тең.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Осыдан кейін қар шығару жұмысы қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда жалғасады.
Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда аса сақ болуға, қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырады.


Бізге жазылыңыз