Астанада 12 метрлік LED-туннель іске қосылды
21.03.2026 23:53

Астанада 12 метрлік LED-туннель іске қосылды

Халықаралық «EXPO» көрме орталығында AI-Наурыз мерекесі кіреберістен-ақ ерекше әсер сыйлайды, келген қонақтарды ұзындығы 12 метрлік иммерсивті LED-туннель қарсы алады. Қозғалыстағы видео келушілерді алғашқы сәттен-ақ мерекелік атмосфераға баурайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Алаңның орталық бөлігі технологиялық шағын саяхатты жалғай түседі: жасанды интеллект арқылы визуалды контент жасалып, ол ауқымды LED-экранмен жұртшылықты қазақ ауылына жетелейді. Мұнда көктемгі жаңару мен жайлылықтың ерекше атмосферасы сезіледі.

Ұтымды ойластырылған визуалды шешімдер қатысушыны цифрлық кеңістіктің бір бөлігіне айналдырып, әсерін күшейте түседі.

Еске сала кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында қалада 200-ден астам іс-шара – концерттер мен ұлттық ойындардан бастап жәрмеңкелер, мастер-класстар және әсерлі салт-дәстүр көрсетілімдеріне дейін өтіп жатыр. Бұл іс-шаралар дәстүр мен заманауи инновацияларды тоғыстырады.

Тегтер: #Астана, #EXPO


Бізге жазылыңыз