Астана қаласының мемлекеттік архивінде «Астана Гидтар клубы» мен «AOMI Travel турагенттігі» өкілдерінің қатысуымен мазмұнды әрі тағылымды кездесу кеші өтті. Бұл кездесу архивте жатқан елорда тарихын кәсіби гидтер арқылы кеңінен танытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу кеші аясында Астана қаласының мемлекеттік архиві мен туризм саласының өкілдері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум архив пен гид өкілдерінің өзара кәсіби байланысын нығайтып, тарихи деректерді экскурсиялау және танымдық бағыттарда тиімді пайдалануға жол ашады.
Кездесу барысында қатысушылар архив қорларында сақталған Ақмола, Целиноград және Астана кезеңдеріне қатысты бірегей тарихи құжаттармен, сирек фотосуреттермен және қаланың дамуының маңызды кезеңдерін айқындайтын материалдармен танысты. Бұл деректер елорданың тек заманауи келбетін ғана емес, оның ғасырлар қойнауынан бастау алатын бай тарихын да ашып көрсететін еді.
Гидтер тарапынан архивтік деректерге деген қызығушылықтың жоғары екені ерекше назар аудартты. Себебі түпнұсқа құжаттар мен нақты тарихи мәліметтерге сүйенген экскурсиялар туристер үшін де аса құнды, әрі әсерлі бола түсетіні анық.
Тегтер: #Астана Гидтар клубы, #AOMI Travel турагенттіг
Followers
Subscribers