Алматыда 8 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі
08.10.2025 17:47

Алматыда 8 қазаннан бастап әлеуметтік нысандарға жылу беріледі

Ал тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.

Қала әкімдігі Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты осындай шешім шығарды. Жылу ең алдымен балабақша, мектепке, медициналық мекеме сынды әлеуметтік нысандарға беріледі. "АлЖЖ" компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қысқы кезеңге толық дайын. Ықтимал ақауларға жедел ретке келтіру үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік етеді.


Бізге жазылыңыз