Александрa Скороходова тау шаңғысынан Германияда өткен FIS турнирінде үздік ондыққа енді
03.02.2026 22:47

Александрa Скороходова тау шаңғысынан Германияда өткен FIS турнирінде үздік ондыққа енді

Қазақстан құрамасы тау шаңғысы спортынан Германияның Гармиш-Партенкирхен қаласында өткен FIS халықаралық турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жарыста ел намысын Александрa Скороходова мен Ростислав Хохлов қорғады. Сондай-ақ олар 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысады.

Скороходова үлкен жылдамдықпен төмен түсу сайысында сегізінші орынға тұрақтады. Ал супер гигантта қазақстандық спортшы алтыншы орынға ие болды.

Ерлер арасында Хохлов үлкен жылдамдықпен төмен түсуде екі мәрте бақ сынап, 12 және 15-орындарға жайғасты. Ал супер гигантта 23-ші нәтиже көрсетті.

Тегтер: #Александрa Скороходова, #тау шаңғысы, #FIS


Бізге жазылыңыз