Алматылық “Қайрат” клубы Чемпиондар лигасының 5-турында сырт алаңда “Копенгагенге” қарсы матчта 3:2 есебімен жеңілді.
“Қайраттықтар” да бірнеше рет шабуыл жасағанымен, қарсыластың қорғанысын бұзып өте алмады.
Ал екінші таймда “Қайрат” құрамасынан Қасаболат ойын тәртібін бұзып, төреші пенальти белгіледі.
Нәтижесінде 59-минутта айып добынан Ларссон гол соғып кетті. Бұл допқа Темірлан Анарбековтың өзі тосқауыл бола алмады.
Осыдан кейін 73-минутта Сильва есепті ұлғайтып, “Қайратты” тығырыққа тіреген еді.
Алайда алматылық клубтың жас жұлдызы Дастан Сәтпаев “Копенгаген” қақпасына гол соқты. Артынша қосалқы құрамнан алаңға шыққан Олжас Байбек қарсыластың қорғанысын кезекті мәрте бұзып, есепті 3:2-ге жеткізді.