"4 мыңнан астам ата-анадан миллиондап жиналған қаражат жоғалып кеткен": Депутат Tesla Education оқу орталығын алаяқтық жасады деп айыптады
24.11.2025 13:50

"4 мыңнан астам ата-анадан миллиондап жиналған қаражат жоғалып кеткен": Депутат Tesla Education оқу орталығын алаяқтық жасады деп айыптады

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Tesla Education оқу орталығын қаржылық пирамида құрды деп айыптады. Ол оқу орталығы банктерден көмек алуы мүмкін деп күдіктенеді.

Депутаттың айтуынша, бұл орталықта балалардың оқуына 4 мыңнан астам ата-анадан 1-2,5 млн теңге көлемінде жинаған қаражат жоғалып кеткен. Орталық басқа да ұқсас мекемелермен бірге бір уақытта банкротқа ұшыраған.

"Бұның бәрі бір қылмыстық схеманың, ортақ ұйымдастырушылардың ісі сияқты. Жаңа Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова тәртіп орнатуды бекер бастаған жоқ. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу саласында “адал бизнес” атын жамылған, басынан ұрлық пен алаяқтыққа бағытталған қылмыстық топтар көбейді", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, Tesla Education орталығының бір уақытта 3 мың баланы оқытамыз деген уәдесі Алматы жағдайында физикалық тұрғыдан мүмкін емес. Ол компания агрессивті маркетингке сүйенген қаржылық пирамида қадиғасымен жұмыс істеген деп күмәнданады. Сондай-ақ банктердің бұл компанияларға көмектесуі мүмкін екенін айтады.

"Делдалдарға бонустар беріп, қаржылай ынталандыру арқылы адамдарды тарту элементі бар-жоғын тексеру керек. Сонымен қатар бұл схема банк алаяқтығының бір түрі емес пе, соны анықтау қажет", – деді Әбенов.

Депутат осы мәселеге байланысты Ұлттық банкке, Қаржылық мониторингі агенттігіне және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне үндеу жасады.

"Өкінішке қарай, банктер қаржылық алаяқтық құралы болып барады. Пайда үшін олар серіктестерін мұқият тексеруді қойған", – дейді ол.


Бізге жазылыңыз