2026 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтын иеленді
13.03.2026 21:44

2026 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы алтын иеленді

13 наурыз күні Италияның Милан қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов елімізге алтын жүлде сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Ербол Хамитов отырып жарысатын пара-биатлон бойынша 4,5 км қашықтықта басты жүлде үшін бақ сынады.

Алдымен ол іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, финалдық жарысқа жолдама алды. Финалда қазақстандық паралимпиашы 9:39.0 нәтижесімен мәреге бірінші болып келді.

Сурет: telegram/DRSQazaqstan

2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары 16 наурызға дейін жалғасады. Бұл жарысқа әлемнің 56 елінен 600-ден астам спортшы қатысып, 79 медаль жиынтығын сарапқа салынады.

Еске салсақ, 10 наурызда Ербол Хамитов парашаңғы жарысы бойынша бәсекеде қола медаль жеңіп алған еді. Осылайша, ұлттық құраманың ту ұстаушысы Ербол Хамитов Италиядағы жарыстарда өз қоржынына екі медаль салды.


Бізге жазылыңыз