Қазақстанның 2025 жылғы экономикалық даму көрсеткіштері бойынша қорытындылар жарияланды. Өндіріс әдісімен қалыптасқан мәліметтерге сәйкес (салалар бойынша жалпы қосылған құн және өнім салығы негізінде), өткен жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің нақты өсімі 6,5% құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тауарлар өндірісінің нақты өсімі - 8,7%, қызметтер – 5,2%, өнімдерге салынатын салықтар 5,5%-ды құрады. Осылайша, экономиканы әртараптандыру үлесі бір топтың пайдасына айқын бұрмаланбай, бірден бірнеше бағыт бойынша қалыптасты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі (жедел деректер бойынша) 159561346,6 млн теңгені құрады. ҚР Ұлттық Банкінің доллардың кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша есептегенде ЖІӨ көлемі 305913,4 млн АҚШ долларын құрады.
Жыл қорытындысы бойынша, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетулер өндірісінің 2025 жылғы қаңтар-желтоқсандағы ЖІӨ-дегі үлестері тиісінше 36,1% және 57,7% құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп саласы – 26,3% алып отыр. Бұл ретте өнеркәсіп секторы ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі (12,7%) тау-кен өндіру саласының үлесінен (11,9%) асып түсті.
Бұл экономикадағы шикізаттық емес өңдеу саласының біртіндеп артып келе жатқанын көрсетуі мүмкін. Бұл ретте шикізат секторы әлі де айтарлықтай үлеске ие, сондықтан құрылымдық бетбұрыс туралы айтуға әлі ерте.
Қай салалар тез өсуде
2025 жылы ең жоғары номинальды өсім мына салаларда тіркелді:
"Соңғы 5 жылғы динамикада 2020 жылғы экономикалық белсенділіктің төмендеуі Covid-19 байланысты пандемияға,сондай-ақ шектеу шараларының енгізілуіне сәйкес байқалады (ЖІӨ нақты өсімі -2,5%)", делінген Ұлттық статистикалық бюро хабарламасында.
Тегтер: #жалпы ішкі өнім, #Қазақстан
Followers
Subscribers