Кітапхана – мәдениет ошағы, ақыл-ой мен білім-ғылымның киелі ордасы. Мұнда келген әр адамның рухани дамуына мүмкіндік беріп, себепкер болып жүрген, биік парасат иесі кітапханашы екені даусыз. Бүгінде Алматы қаласында Кітапханашылар күні маңызды мәдени шара ретінде атап өтіліп келеді. Бұл мереке кітапханашылардың еңбегін бағалау, кітапхана ісінің қоғамдағы маңызын арттыру және кітап оқуды насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. Әсіресе Алматыдағы кітапханалар мен мәдени орталықтар адамзаттың рухани дамуының бірден бір құралы - кітаптың маңыздылығын дәріптеп, түрлі мәдени және ағартушылық іс-шаралар өткізеді.
Алматының Орталық қалалық кітапханасында, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар кітапханасы мен басқа да қалалық кітапханаларда әртүрлі әдеби бағыттарды қамтитын кітап көрмелері ұйымдастырылады. Сонымен қатар кітапханашылардың қатысуымен жаңа және ерекше кітаптардың тұсаукесері өткізілуде.
«Оқитын ұлт» бағдарламасы бойынша өтетін іс-шара жастарға ұлттық және әлемдік классиктердің туындыларын таныстыру арқылы олардың рухани көкжиегін кеңейтуге бағытталған. Бағдарлама аясында кітап клубтары, әдеби кездесулер, кітап оқу марафондары ұйымдастырылады.
«Кітап – рухани азық» жобасы қала мектептері мен жоғары оқу орындары арасында өткізіледі. Мұнда оқушылар мен студенттерге қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерін оқып, рухани және мәдени құндылықтарды терең түсінуге мүмкіндік беріледі.
«Әдеби авторлармен кездесулер» жобасы аясында кітаптың адамның рухани дамуына тигізетін әсері мен маңыздылығы ескеріліп, танымал жазушылар, ақындар мен әдебиеттанушылармен кездесу ұйымдастырылады.
«Қоғамдық орындардағы кітап алмасу» жобасы аясында қалалық саябақтар мен метро станцияларында, қоғамдық орындарда кітап алмасу сөрелері орнатылып, қала тұрғындары бір-бірімен кітап алмасып отырады. Бұл жоба арқылы қоғамда кітапқа деген қызығушылықты арттырып, оны рухани құндылық ретінде насихаттау жүзеге асырылады.
«Ұлттық әдебиет апталықтары» бағдарламасы аясында қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын насихаттайтын арнайы апталықтар өткізіледі. Бұл іс-шаралар барысында жастар қазақ әдебиеті мен мәдениеті арқылы рухани құндылықтарды тереңірек түсіне алады.
Сонымен қатар қалада балаларға арналған кітап фестивальдері өтеді. Жас оқырмандарға арналған әдеби ойындар, ертегі оқу сағаттары, қолтаңба алу рәсімдері ұйымдастырылады. Балаларға кітаптың адам өміріндегі рөлі мен оның рухани құндылығы түсіндіріледі.
Мәдениет ордасы саналатын Алматы қаласында кітап оқуды қолдау арқылы рухани және мәдени байлықты арттыруға мемлекет болып, қоғам болып атсалысып, шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келеді.