Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» клубына ауысты

Дүйсенбіде «Реал Мадрид» француз шабуылшысы Килиан Мбаппені келесі бес маусымға сатып алғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Еuronews.

Алайда футболшының жаңа клубтағы тұсаукесері жазда Германияда өтетін Еуропа чемпионатында Франция құрамасы сапында өнер көрсеткеннен кейін ғана өтеді.

Бұл мәлімдеме Лондондағы «Уэмблиде» өткен финалда «Реал» дортмундтық «Боруссияны» 2:0 есебімен жеңіп, 15-ші Еуропа кубогын жеңіп алған соң екі күннен кейін жасалды.

25 жастағы Мбаппе «Париж-Сен-Жерменнен» кететінін ресми түрде мамыр айында жариялады, ал клубқа бұл туралы ақпан айында хабарлаған.

Форвард Париж командасына 2017 жылы 180 млн еуроға ауысып, 256 гол соғып, ПСЖ рекордшысы атанды.

Бізідң командамыз әйгілі ойыншы, 2018 жылы әлем чемпионы және 2021 жылы Ұлттар лигасының чемпионы атанған француз құрамасының капитанымен толықты, - делінген "Реал"-дың мәлімдемесінде.

Еске салайық, 11 мамырда Мбаппе "Пари Сен-Жермен" командасынан кететінін айтты.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated