4-6 мамыр аралығында Өзбекстанның Самарқан қаласында WKF каратэден орталық Азия елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды Aqnews.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарысқа 10 жастан бастап ересектерге дейін ката және кумитэ бағдарламасында барлығы 7 елден 1000-ға жуық спортшы қатысты. Қазақстан атынан спортшы, жаттықтырушы мен төрешілерді қосқанда барлығы 400-ге жуық адам болды. Сонымен қатар еліміздің бірқатар төрешілері емтихан тапсырып, өз шеберлігін шыңдады.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 39 алтын, 30 күміс, 47 қола медаль жеңіп, жалпы есепте 1-орынға ие болды.
1. Қазақстан: 39 алтын, 30 күміс, 47 қола
2. Өзбекстан: 22 алтын, 29 күміс, 58 қола
3. Түркменстан: 6 алтын, 7 күміс, 20 қола
4. Қырғызстан: 4 алтын, 2 күміс, 8 қола
5. Иран: 3 алтын, 3 күміс, 6 қола
6. Тәжікстан: 1 күміс