Кәрім Мәсімов тұтқындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл мәлімет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланды.

Сонымен қатар Комитеттің басқа да тұлғалары ұсталған. Бірақ олардың аты-жөні анықталмай отыр. Оларға Қылмыстық кодекстің 175-бабы бойынша мемлекеттке сатқындық жасады деген айып тағылып отыр. Қазір осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық Кодексте мемлекетке сатқындық жасаған адам 15 жылға дейін сотталып, Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылады.

Aqnews.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated