Көпбалалы отбасылардың кейбірі несиесі кешірілетіндердің тізіміне енбей қалды. Неге?

Фото: Sputniknews.kz

Вице-министрдің айтуынша, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушілердің, асыраушысынан айырылған отбасылардың, бала кезінен мүгедектігі бар 18 жастан асқан азаматтардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың,  ата-анасынан, қамқоршысынан кәмелетке толмай айырылған 29 жасқа толмаған азаматтардың несиеcі кешіріледі.

"Қазіргі уақытта барлығы тізімге енгізілді. Егер тізімде жоқ болсаңыз, оған екі себеп бар. Соның бірі – көпбалалы отбасының жұбайы туралы ақпаратты және некені қию туралы мәліметті ақпараттық жүйеге енгізбеуі. Біз бұл азаматтардан Әділет министрлігінің деректер базасына тіркелуін сұраймыз. Екінші себебі – жұбайының қайтыс болғаны туралы ақпараттың деректер базасына енгізілмеуі.  Кейбір асыраушысынан айрылған адамның мәліметі азаматтық халықтық актілері туралы ақпараттық жүйеде жоқ болады. Сондықтан ол кісілерді тағы да Әділет министрлігіне жіберіп отырмыз. Егер көпбалалы отбасылардың балалары 18 жасқа толып, жоғары оқу орындарында оқып жүрсе, ол туралы мәлімет Білім министрлігінің ақпарат жүйесінде болуы тиіс. Егер болмаса, олар тізімге ілінбей қалады. Сол үшін біз отбасыларды Білім министрлігіне жіберіп, ақпаратқа дұрыс мәлімет енгізіп, толық қосымша тізім жасап жатырмыз", – деп түсіндірді Светлана Жақыпова.

Көпбалалы отбасы жәрдемақы алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінбеген болса және ешқандай ақпараттық жүйеде болмаса , тізімге енбей қалуы мүмкін.

4 пікір

  1. Меніңде отбасымызда төрт баламыз бар , екеуі мектеп оқушысы ,біреуі студент , біреуі уақытша жұмыссыз , он жылдан астам уақыт сол несиемен өмір сүріп келеміз , үлкеніміз жасы 19 да , шілде айында колледжді ақылы бөлімде бітірген жұмысқа орналаса алмай жүр , осы кешірімге неге іліне алмадық осы сұрақ мазалайды , әйелім енген мен енбей қалдым , бағдарламада бір отбасынан екі адамның 600000 (300000+300000) несиесі кешіріледі деген пунктті оқыдым , әйелімнің 220000 несиесі кешірілген , мені де осы кешірім тізіміне енгізуіңізді сұранамын,

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated