Көктемде автогаздың бағасы көтеріле ме – энергетика министрі жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемде автогаз бағасын көтеруге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Наурыздың басында министр көктемде автогаз бағасы 5-8 теңгеге өсетінін айтқан. Бүгін үкіметте өткен брифингте журналистер сұйытылған газдың бағасы туралы тағы сұрады. Министрдің сөзіне қарағанда, әзірше ондай қажеттілік жоқ. Бірақ нарықтағы жағдайға қарай баға өзгеруі мүмкін.
"Иә, бұған дейін сұйытылған газдың бағасы 5-7 теңгеге көтерілетінін айтқан едім. Ол кезде біз ішкі нарықтың сұранысын өтеу қажеттігін ойладық. Алайда біз "Теңізшевройл" компаниясымен тиімді келіссөздер өткіздік. Соның нәтижесінде ай сайын ішкі нарыққа қосымша 20 мың тонна газ бөлінетін болды. Бұдан бөлек, сұйытылған газдың экспортына толығымен тыйым салынды. Оны көлікпен де, теміржолмен де шығаруға болады. Қазір біз нарықтағы жағдайды бақылап отырмыз. Соған қарай бағаны көтеруге қатысты шешім қабылдаймыз ", - деді Сәтқалиев үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін энергетика министрі газ саласының шығынға ұшырап жатқанын да айтқан. Себебі Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме сауда бағасы оны өндіру құнынан төмен.
Ресейде бір литр газдың бағасы 165 теңге болса, Қазақстанда 54-86 теңгені құрайды. Қырғызстанда – 159 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, ал Тәжікстанда 273 теңгеден сатады. Осылайша, елімізде автогаздың бағасы ең арзан болып тұр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated