Көкшетау мен Степногорск тұрғындарына қалада жүріп-тұруға тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантин шараларын енгізу туралы шешім қабылданды. Ақмола облысы бойынша коронавирустық инфекцияның 651 жағдайы анықталды. Оның 349-ы симптомдармен, 302-сі симптомсыз, 8 өлім тіркелді. 8 маусымнан бастап бізде 400-ден аса жағдай тіркелген, ал Көкшетауда айтарлықтай өсім байқалады. Степногорск қаласында жағдайлар саны артты. Аршалы, Ерейментау, Астрахан аудандарында тіркеу жүргізіледі. Бүгінде ауру жағдайлары тіркелмеген бірде-бір аудан қалған жоқ. 24 маусым сағат 20:00-ден бастап Көкшетау аумағына шығуға және кіруге тыйым салынады. 15 маусымнан бастап блокбекет орналастырдық, олар санитарлық мақсатта жұмыс істеді. "Сергек", "Қолдау", "Қорғау" базаларында тіркелу кезінде санитарлық қызмет, медицина, құқық қорғау, сот органдары, арнайы органдар мен азық-түлік өнімдерін тасымалдаумен айналысатын адамдарға ғана жүруге рұқсат етіледі", - деді облыстың санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық жәрдемнің, мемлекеттік медициналық мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және апаттық-техникалық қызметтердің, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, бөгде және отбасы мүшелерінсіз Көкшетау қаласының аумағы бойынша тұрғындар мен автокөліктің жүруіне 22:00-ден 06:30-ға дейін тыйым салынады.

Степногорск қаласының әкіміне 2020 жыл 26 маусым сағат 00:00-ден бастап Степногорск қаласының карантиндік аймақтарына/аумағынан адамдардың келуіне/кетуіне тыйым салу тапсырылды.

"Полиция департаментімен бірлесіп, Степногорск қаласының карантиндік аймағының периметрін уақытша белгілеуді, блокбекет орната отырып, оған кіру/шығу пункттерін белгілеуді қамтамасыз ету, блокбекеттерге жұмылдырылғандарды жеке қорғаныс және жеке гигиена құралдарымен, қажетті азық-түлікпен, электр қуатымен жабдықтау қажет", - делінген хабарламада.

22:00-ден 06:00-ге дейін тұрғындарға жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, мемлекеттік медициналық мекемелер, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және апаттық-техникалық қызметтер, сондай-ақ стратегиялық ныандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерден басқа, бөгде тұлғалар мен отбасы мүшелерінсіз Степногорск қаласының аумағы бойынша автокөлікпен жүруге тыйым салынды.

Қалада науқастарды стационарларға жоспарлы жатқызу, скринингтер мен профилактикалық тексеру тоқтатылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated