Елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында кезекті коммуналдық сенбілік өткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін сенбілік кезінде мыңнан астам ағаш отырғызылды.
Жиналған саябақтардың, гүлзарлар мен алаңдардың жалпы ауданы 500 000 шаршы метрді құрады.
Экологиялық айлықтың басынан бері өткізіліп келе жатқан сенбіліктерде барлығы 5000-нан астам жасыл желек отырғызылды.
Елорданың ҚТҚ полигонына 2500 тоннадан астам қоқыс шығарылды.