Бұл туралы КТК телеарнасы өз сайтында жазды:
"Бүгін 6,5 жылға сотталған элиталық эскортшылар желісін ұйымдастырушы 25 жастағы қыздың түрмеде ұзақ уақыт отырғысы келмейтіні белгілі болды. Ол апелляциялық шағым түсірді. Процесс жабық режимде өтеді".
Тінту кезінде күдіктіден қылмыстық "бизнес" туралы жазбалары бар құжат тәркіленді. Одан бөлек Lexus және Toyota Camry көліктері тәркіленді, сондай-ақ есірткі де табылды.
Кейінірек ұсталған адамның жазбаларында болған клиенттердің деректері желіге таралғаны белгілі болды. Даулы тізімде белгілі қазақстандық тұлғалар да болған. Ол "Айка тізімі" деген атпен танылды. Қазақстан ІІМ аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады. 2024 жылдың 21 мамырында Алматыда элиталық эскортшылар қызметін ұсынатын бизнесті ұйымдастырушы қызға қатысты үкім шығарылып, ол 6,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.