Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыз-келіншектерді 8 наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлады Aqnews.kz
Құрметті де аяулы аналар, қадірлі қыз-келіншектер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сұлулық пен нәзіктік, отбасының берекесі мен бірлігі сіздерден бастау алады. Әйел қолында тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы бар. Бала тәрбиесімен айналыса жүріп, карьера да құрасыздар.
Түрлі салаларда еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жетіп жүрсіздер. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып, денсаулығымызды күтіп, қаланың тыныс-тіршілігіне, қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Елордамыздың дамуы мен гүлденуі тікелей сіздермен байланысты!
Әрбір күндеріңіз шуақты, қуанышқа толы болсын! Сіздерге және жақындарыңызға амандық, зор денсаулық және баянды отбасылық бақыт тілеймін! – деп жазды әкім.