Чехияның Прага және Острава қалаларында хоккейден Әлем чемпионаты басталды. Екінші ойын күні Қазақстан құрамасы мұз айдынына шығып, Франция командасын 3:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Aqnews.kz.
В кіші тобында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде француздарды жеңді. Біздің қарсыластарымыз екінші минутта есеп ашты, Энцо Кантагалло ерекше көзге түсе білді. Көп ұзамай Роман Старченко есепті теңестірді.
8-ші минутта Ғалым Мамбеталиевтің шәкірттері Максим Мұхаметовтың қарсылас қақпасына дөп соққан шайбасының арқасында алға шықты. Осыдан кейін командалар үзіліске шықты.
Екінші кезеңде бір ғана гол соғылды, оның авторы - қазақстандық хоккейші Кирилл Савицкий.
3:1 нәтижесі үшінші кезеңде өзгерген жоқ. Осылайша, қазақстандық команда 2024 жылғы Әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізді.
Біздің команда 12 мамырда Словакиямен кездеседі. В кіші тобында Қазақстан құрамасынан басқа АҚШ, Швеция, Германия, Польша және Латвия да өнер көрсетеді.