Хаменова үйқамақтан алынып, екі айға изоляторға қамалды

Бұған дейін ірі көлемде пара алды деген күдікпен үйқамаққа алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова екі айға қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл ақпаратты 22 желтоқсанда Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін Атыраудың мамандандырылған тергеу соты Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берген болатын. Сот күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырау қаласында тұрақты тұратынын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын, бұрын сотты болмағанын, екі жас бала тәрбиелеп отырғанын, асырауында қарт анасы барын ескерген еді.

Бақытгүл Хаменова 2020 жылдың 13 наурызында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұған дейін VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты болған.

10 желтоқсанда Хаменова Атырауда Абай ескерткішін дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды. Жауап алынғаннан кейін әкім орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды. 12 желтоқсанда Атырау соты Хаменеваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берді.

Aqnews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated