Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты көрсетілімінің ойын кестесі анықталды

Германияда өтетін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты көрсетілімінің кестесі белгілі болды, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Құрлықтық дода ойындары толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі.

Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. 14-26 маусым аралығында өтетін топтық кезең ойындары 18:00, 21:00, 00:00–де басталады.

Құрлықтық додада 30 маусым-2 шілде аралығында 1/8 финал ойналса, 5-6 шілдеде ¼, 9-10 шілдеде ½ финал өткізіледі. Финал 14 шілдеге белгіленген.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы құрлықтық дода іріктеу сатысында Дания (3:2) мен Финляндия (1:0) құрамаларын бір мәрте тізе бүктірсе, Солтүстік Ирландия (1:0, 1:0) мен Сан-Марино (3:0, 3:1) құрамаларын екі мәрте жеңді.

Ал Дания (1:3), Словения (1:2), Финляндияға (0:1) есе жіберіп қойды.

Одан кейін Ұлттар лигасы С жолымен 2024 жылдың 21 наурызында жартылай финалда сырт алаңда Грекияға 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated