Euronews Қ.Тоқаевтың мақаласын жариялады

Euronews сайты Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын жариялады, деп хабарлайды Aqnews.kz. Мұнда Президент орта державалардың жаһандық саясаттағы рөлі жайлы жазған. Қазақ басшысының пікірінше, мұндай мемлекеттердің көпжақтылықты сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Қазір әлем алауыздыққа толып барады. Алпауыт мемлекеттер де бірігу орнына тарыдай шашылып барады. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері иелік ететін вето құқығы көбінесе тығырыққа тіреліп, дағдарысты шешуге қауқарсыз. Ұжымдық әрекеттерге қарағанда біржақты көзқарасқа басымдық беріліп жатады. Сол үшін Президент достыққа дем беруге шақырды. Бұл ретте Қазақстан сынды орта державалар көмектесе алады. Мақаланың толық нұсқасын Euronews сайтынан оқуға болады.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated