Еуро-2024: Түркия құрамасы Грузиядан басым түсті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының бесінші ойын күнінде F тобындағы Түркия құрамасы Грузиядан басым түсті.

Кездесу басынан түркиялық футболшылар белсенділігі байқалған еді. Құрлықтық додада тұсаукесер ойынын өткізіп жатқан грузиялық құрама негізінен қорғанысқа көбірек көңіл бөлді. Соған қарамастан түрік футболшысы Мерт Мюльдюр 25-минутта мергендік танытты.

Арада небәрі екі минут өткенде Кенан Йылдыз есепті үстемелей түсті. Футболшының ойыннан тыс қалуына байланысты төреші бұл голды есепке алған жоқ.

Осыдан кейін грузиялық футболшылар белсенділігін көрсетті. Осындай сәттердің бірінде таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. Оны Жорж Микаутадзе 32-минутта өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде түркиялық құрама қайтадан белсенділігін артттырды. Нәтижесінде олардың қатарынан Арда Гюлер 65-минутта өз құрамасын алға шығарды.

Ал түркиялық Керем Актюркоглу 97-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Түркия қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді аталған топта сағат 23:55-те Португалия мен Чехия ойыны басталады.

Ертең, 19 маусымда А тобындағы Германия мен Венгрия, Шотландия мен Швейцария, В тобындағы Хорватия мен Албания екінші тур ойындарын өткізеді.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated