Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 30 маусымда 1/8 финалда тағы екі ойын өткізіледі.
Бұл күні сағат 21.00-де Англия мен Словакия шеберлік байқасады.
Кездесу Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Арена» стадионында өтеді.
С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады.
Ал Словакия E тобында Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, Украинаға 1:2 есебімен есе жіберсе, Румыниямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Қазірге дейін құрамалар 6 мәрте кездессе, 5-де Англия жеңіп, 1-де тең нәтиже тіркелді.
Ал 00.00-де Испания мен Грузия кездесуі басталады.
Ойын Кёльн қаласындағы «Райн-Энерги» стадионында өткізіледі.
В тобында ойнаған Испания Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.
F тобында ойнаған Грузия құрамасы Түркияға 1:3 есебімен жеңілсе, Португалияны 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Чехиямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Қос қарсылас өзара 6 мәрте кездеcсе, 5-де Испания, 1-де Грузия басым түскен.
Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын 1/8 финалға Швейцария мен Германия жолдама алды.