Дариға Бадықова әлеуметтік желіде оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса су жаңа көлік алған.
"Ешкімге айтпаймын, көрсетпеймін көп нәрсені. Адал еңбектің ақысы ғой деген ниетпен шығардым. Шығарудың себебі бүгін бір шешімге келдім: тозғанша, бұйырғанша жүргіземін деген", - деп жазды ол.
Сонымен қатар, Дариға Бадықова көлікті өз маңдай тер ақшасына сатып алғанын, ешкімнің тоқалы емес екенін айтты.
"Машинамды салып едім, "өзің алмаған шығарсың, біреу сыйлаған шығар" деп жатқандар бар. Бұл шоколад қосылған құлпынай емес қой сыйлай салатын. Байдың әйелі емеспін, ешкімнің тоқалы емеспін. Одан кейін мен біреуден қымбат сыйлық алып көрмеппін. Өзім шот төлеудің потологын қоямын. Ешкімге масыл қыз емеспін, шүкір деп отырмыз. Намысты қолдан бермей отырмыз", - деді актриса.