Достық үйінде Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді, деп хабарлайды Aqnews.kz елордалық Ассамблеяға сілтеме жасай отырып.
Астана қаласының Достық үйінде Жеңіс күні мерекесіне орай «Аталардың ерлігі – жастарға үлгі» атты дөңгелек үстелі өтті. Іс-шараға елордалық ҚХА және Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, жастар, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері және басқа да қонақтар қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты- Ұлы Отан соғысындағы жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, ата –бабаларымыздың ерлігін ұлықтау мен насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен ұлттық сана -сезімді қалыптастыру.
Сондай –ақ ғимараттың фойесінде Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының ұйымдастыруымен көпшіліктің назарына “Ерлікке тағзым” деген атаумен мұрағаттық құжаттардың көрмесі ұсынылды.
Ал іс-шара соңында жиналғандардың алдында соғыс жылдарының жан тебірентерлік репертуарымен «Радуга» орыс әндерінің ансамблі өнер көрсетті.