Елордада мереке күндері қоғамдық көлік қалай жүреді?

Астанада алдағы Наурыз мейрамы күндері қоғамдық көлік қалай қатынайтыны белгілі болды, деп хабарлады Aqnews.kz CTS-ке сілтеме жасап.

Мереке күндері елорданың қоғамдық көлігі келесідей жұмыс істейді:

21, 22, 23, 25 наурыз күндері сенбі күнінің кестесімен;

24 наурызда жексенбі күнінің кестесіне сәйкес жүреді.

Жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Сапарды жоспарлау барысында осы ақпаратты ескеруді сұрайды.

Қала маңы бағдарларының жүру кестесін CTS-тің Instagram парақшасынан қарауға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated