Астанада қыс мезгілінің басталуымен және қардың мол жаууымен коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Aqnews.kz
1 желтоқсан күні таңертең қала көшелерінің қары мен мұзын күреуге 2000-нан астам жол жұмысшысы мен 1000-ға жуық арнайы техника шықты.
Бірінші кезекте орталық көшелер, аялдамалар мен тротуарлар тазаланады.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
Естеріңізге сала кетейік, синоптиктердің мәліметінше, 1 желтоқсан күні Астанада қарлы боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қала тұрғындары мен қонақтарын көшеде жүргенде өте мұқият болуға, көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз, - делінген хабарламада.