Елорда әкімдігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы туралы үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды

Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстарға байқау жариялайды, деп хабарлайды Aqnews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап+.

Үздік журналистік жұмыстар байқауы Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдері үшін өткізіледі.

Байқауға Астана қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуы туралы тақырыптарда жұмыс істейтін журналистер қатыса алады.

Байқауға 2023 жылдың 1 қаңтары мен 5 желтоқсаны аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар (мақалалар, сұхбаттар тб.) жіберіледі.
Жұмыстың негізгі тақырыбы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту.

Ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмейді. Байқау ережелері туралы толық ақпаратты ережеден табуға болады.

Құжаттар 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін smido_konkurs@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 87005506080.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated