Елімізде букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлім етті.

     «Егер сіз телефонды ашсаңыз немесе көшеге шықсаңыз барлық жерде 1xBet, Olimpbet секілді букмекерлік кеңселердің жарнамасын көресіз. Халықаралық тәжірибеде 50 метрге дейін болуы керек. Бұдан әрі сыртқы жарнамалар болмауы тиіс. Осыған байланысты қазір депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, сыртқы жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз», - деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары сыртқы жарнамаға тыйым салу тек букмекерлік кеңселерге қатысты екенін айтты.

«Букмекерлік ұйымдарды олардың кеңселерінде, спорттық телеарналарда, спорт ғимараттарында және спортшылардың жабдықтарында жарнамалау мәселесі шешіледі. Осылайша жарнаманың төрт түрі қалады. Бұл халықаралық тәжірибе, - деп түсіндірді Дүйсенова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated