Елімізде білім беру қызметі бір жылда 15% қымбаттады

Елімізде білім беру қызметі бір жылда 15% қымбаттады

2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша білім беру қызметтері бір жылда 14,5% қымбаттаған, деп хабарлады Elorda.info.

Ranking.kz мәліметінше, баға ең көп қымбаттаған Атырау облысы: бір жылда бірден 60,4%. Одан кейін Түркістан (28,2% қымбаттаған), Қарағанды (21,9% қымбаттаған), Шығыс Қазақстан (19,9% қымбаттаған) және Павлодар (19% қымбаттаған) облыстары. Ең аз жылдық баға өсімі Алматы облысында тіркелді: 5,3%.

Қызмет көрсету түрлері бойынша мектепке дейінгі және бастауыш білім 11,1%, орта білім – 9,6%, кәсіптік орта білім – 20,2%, жоғары білім – 17%, ересектерге арналған білім – 15,9% қымбаттады.
Some Image

2022 жылдың үшінші тоқсанында білім беру саласында көрсетілген қызмет көлемі 949,8 млрд теңгеге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,4% көп. Білім беру қызметтерінің басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен көрсетілді: 836,6 млрд теңге. Тағы 90,4 млрд теңгені халық төлесе, 22,9 млрд теңгені кәсіпорындар төледі.

Білім беру түрлері бойынша қызметтердің құндық мәндегі ең үлкен көлемі негізгі және жалпы орта білім беру саласына тиесілі: 444,9 млрд теңге, бір жыл бұрынғыдан 12,5% көп. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында көрсетілген қызмет көлемі 158,7 млрд теңгеге, жоғары білім беру саласында 110,2 млрд теңгеге жетті.

Өңірлер ішінде ең көп қызмет дәстүрлі түрде Алматыда көрсетілді: 113,1 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан құндық мәнде 16,6% артық. Көшбасшы өңірлердің үштігіне сондай-ақ елорда (98,8 млрд теңге, бір жылда 61,3% көбейген) және Түркістан облысы (98,7 млрд теңге, 29,1% көбейген) кірді.

Ең аз қызмет көрсетілген өңірлер Ұлытау, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated