Аталған нысан Су шаруашылығы және табиғатты пайдалану институтының базасында құрылады.
Жаңа университет Қазақстанда тапшы су саласының мамандарын оқытуға мүмкіндік береді. Қазір елімізде гидротехниктер М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ғана даярланады. Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті аталған оқу орнын екіге бөлу арқылы ашылады.
«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КЕАҚ және «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.
Айта кетсек, алдағы жылдары елімізде су саласының мамандарын дайындайтын 5 колледж ашылады. Олар батыс, шығыс, солтүстік, орталық аймақтарда салынады.
Сондай-ақ жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мен Өзбекстан су ресурстары мамандарын бірлесіп даярлайды. Тараз мемлекеттік университеті мен Ташкент ирригация институты тиісті меморандумға қол қойды. Енді қазақстандық студенттер «Сумен жабдықтаудың инженерлік жүйелері», «Су шаруышылығындағы инновациялық технологиялар және оны пайдалану» сынды елде тапшы мамандықтарды игереді. Әрі бірден екі университетттің дипломын алады. Бұл бастамалар білікті кадрларды даярлауға жол ашып, табиғи апаттардың алдын алу, суды тиімді пайдалану мәселелерін шешеді.