Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасын ұтып, ширек финалға шықты

Қазақстандық Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы польшалық Ига Швентекті ұтып, спорттық мансабында алғаш рет Australian Open турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 жастағы қазақстандық әлем рейтингісінің 21 жастағы көшбасшысын бір жарым сағатта 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Матчта Елена 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 2 брейкпен көзге түсті.

Турнирдің жартылай финалына шығу үшін қазақстандық Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.

Матч 24 қаңтарға жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated