Ақпанның қорытындысы бойынша Қазақстанға көшіп келгендер мен елден көшіп кеткендердің арасындағы айырмашылық 1,9 мың адам болды.
Көші-қон жағдайы жақсарып келеді, бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
Ақпанның қорытындысы бойынша Қазақстанға көшіп келгендер мен елден көшіп кеткендердің арасындағы айырмашылық 1,9 мың адам болды. Бұл - 2018 жылдың басынан бергі жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін елімізде көші-қон сальдосы теріс болды. Тек 2022 жылғы қазаннан бастап жағдай өзгере бастады. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 12 жылда алғаш рет оң бағытқа өзгерді.