Эквадордағы қақтығыс. Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар ма?
Эквадорда зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
7 қаңтарда 34 жылға сотталған Фито деген атпен белгілі Лос-Чонерос қылмыстық тобының жетекшісі түрмеден қашып кеткеннен кейін Эквадорда жағдай күрт нашарлады. Соның салдарынан бірнеше түрмеде тәртіпсіздік болған. Ел билігі төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат орнатты.