Дзюдодан Олимпиадаға баратын құрам анықталды

Бүгін Алматыда Олимпиада ойындарына дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан қатысатын спортшы анықталды, - деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

Олимпиадаға іріктеу белдесуінде Елдос Сметов үздік атанды. Ол өз кезегінде командаластары Мағжан Шамшадин мен Нұрқанат Серікбаевтан басым түсіп, Париж Олимпиадасына қатысу құқығына ие болды.

Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарына дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасынан 8 дзюдошы қатысады. Оның жетеуі – өз салмақ дәрежелерінде жекелей сайысқа қатысса, бір спортшы аралас-командалық жарыстың лицензиясына ие болды.

Париж Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғайтын дзюдошылар келесідей:

Әйелдер: Абиба Абужақынова (48 кг), Камила Берліқаш (+78 кг), Эсмигүл Куюлова (аралас-командалық жарыс).

Ерлер: Елдос Сметов (60 кг), Ғұсман Қырғызбаев (66 кг), Данияр Шамшаев (73 кг), Абылайхан Жұбаназар (81 кг), Нұрлыхан Шархан (-100 кг).

Парижде өтетін XXXIIІ Жазғы Олимпиада ойындарында дзюдо бойынша жарыстар 27 шілде мен 3 тамыз аралығына жоспарланған.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated