Қазгидромет синоптиктері 2-4 наурыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Aqnews.kz
Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан алдағы күндер көктемге тән шуақты болады.
Тіпті елдің шығысында түнгі уақытта суық минус 36-дан минус 20 градусқа дейін біртіндеп түседі.
Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында циклондардың әсерінен жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Күн негізінен бұлтты болады.