Демалыс-2024: қазақстандықтарға көктемде баруға қолайлы 6 ел

Көктемде Мальдив аралдарында не істеуге болады?

Жағажайда демала аласыз. Бұл бағытқа баратынның бәрі осы жағадай үшін баратыны анық. Сондықтан теңіз жағасында жақсылап шомылып, қыздырыну үшін көктемнің алғашқы жартысына барған дұрысырақ.
Ойын-сауық. Суға қатысты қызықтың неше түрі бар. Көктемде баратындар теңіз асты жақсы қөрінгенін қаласа, онда Мальдивке сәуірдің соңында дейін барып үлгерсін. Дайвиң, снорклиң сүйетіндердің наурыз, сәуір айында баратын себебі сол. Ал мамырда серфер, уиндсерферлер көп барады. Айтпақшы, егер сіз де сондай экстримді жақсы көрсеңіз, биік-биік толқын мен жел тұратын кезең күзге дейін жалғасады.
Теңіз жақта серуендеуге болады. Мальдив аралдарын аралап көргіңіз келсе, күн әлі қатты ысымаған, жел мен толқын тыныштау уақыт — наурыз, сәуір айларын таңдағаныңыз дұрыс.
Көктемдегі ауа райы қалай?

Мальдивте көктемде ауа райы біраз құбылып тұрады. Мысалы, наурызда аралдарда әлі күн қатты ыстық болмайды (+31 °С), бірақ күн шуақты. Ал сәуірде күн бұзыла бастайды. Мамырда тіпті ысып, жаңбыр, жел болып кетеді. Мұндай қолайсыз ауа райын екінің бірі көтере алмайды. Ылғалдық өте жоғары.

Артықшылықтары мен қолайсыздықтары

Көктемнің алғашқы жартысында Мальдив аралдарына барғанның жағымды тұсы көбірек. Өйткені аралдарда күншуақ болады. Ал теңіз тынышырақ, су асты анығырақ көрінеді. Сонымен бірге осы уақытта ұлттық мереке көп болады. Осылайша елдің мәдениетін, салт-дәстүрін жақсырақ тануға болады. Мамырда ылғалдық жоғары бола түседі. Толқындар мен жел де қатты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated