Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус күзде жаңа пандемияға дайындықты бастауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ДДСҰ басшысы Женевада өткен брифингте мәлімдеді, оны ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасы таратты.
"Келесі үш ай, жаңа пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін, оған қарсы шараларды ұйымдастыру үшін маңызды кезең болады", - деді Гебрейесус.
ДДСҰ басшысы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскасын тағуды, мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын салдыру керек екені туралы айтты.
"ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинациямен қатар әлеуметтік арақашықтықты сақтау, маска тағу деген сияқты шараларды жалғастырып жатыр", - деді ол.
Сондай-ақ, Гебрейесус әлемде COVID-19 таралу деңгейі өте жоғары екенін айтты.
"Әлемде күн сайын COVID-19 жұқтыратырдардың саны тұрақтанды. Осыған дейін - 4,5 миллионнан аса ауру, 68 мың өлім тіркелді", - деп түсіндірді ол.
"Алайда, аймақтан аймақтың, елден елдің, қаладан қаланың ауруды жұқтыруы ерекшеленеді. Мысалы, кейбір аймақтар мен елдерде COVID-19 жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп жатыр. Әзірге бұл вирус барлық жерде қауіп төндіріп тұр", - деп толықтырды Гебрейесус.
Дереккөз - Tengrinews.kz