Будапештегі жарыста Жәмила Бақбергенова алтын медаль еншіледі

8 маусымда Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Жәмила Бақбергенова алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Aqnews.kz.

Рейтингілік турнирде 72 келіде финалда сынға түскен Жәмила Бақбергенова жергілікті балуан (мажарстандық) Ноеми Сзабадосты 12:11 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Осы салмақтағы 3-орын тағы бір отандасымызға бұйырды. Гүлмарал Еркебаева украиналық Ирина Заблоцканы жеңіп, "қоладан" алқа тағынды.

Сондай-ақ 59 келі салмақта Диана Каюмова да қола медаль алды.

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated