Боксшылардың лицензиялық турнирдегі қарсыластары анықталды

Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін Париж Олимпиадасының лицензиялық турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлады Aqnews.kz

3-11 күндері аралығында өтетін әлемдік жарыста ерлер бәсекесінде 6 боксшымыз өнер көрсетеді.

51 келі. 48 боксшы

Сәкен Бибосынов (Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем чемпионы)

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Хин Каннез Там Чун (Гонконг)
1/16 финал. Дэвид Каранжа Мачариа (Кения)
1/8 финал. Азат Махметов (Бахрейн намысын қорғайтын қазақ боксшысы)
1/4 финал. Федерико Серра (2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)/Киаран Макдональд (Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері)

57 келі. 52 боксшы

Махмұд Сабырхан (Әлем чемпионы)

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал: Ядеса Лета Фикремариам (Эфиопия)
1/16 финал: Саравут Сукзет (22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалында Махмұдтан жеңілген)
1/8 финал. Паган Калеб Жосие Тирадо (Пуэрто-рико)
1/4 финал. Умид Рустамов (Әзербайжан)

63,5 келі. 59 қатысушы

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғаш рет лицензиялық жарыста бақ сынайды.

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Доннел Филипп (Тринидад және Тобаго)
1/16 финал. Радослав Симеонов Росенов (2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)
1/8 финал. Данило Заморило (Украина)/Алексеж Виторович Сендрик (Сербия)
1/4 финал. Шива Тапа (Үндістан)/Руслан Абдуллаев (әлем чемпионы)

71 келі. 70 қатысушы.

Асланбек Шымбергенов (Әлем чемпионы)

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Сэм Моровати (Финляндия)
1/16 финал. Дамиан Дуркач (Токио Олимпиадасының қатысушысы)/Анхел Габриэль Лланос Перез (Пуэрто-рико)
1/8 финал. Виржилио Де Лос Сантос (2023 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы)
1/4 финал. Марокко, Армения т.б

80 келі. 61 қатысушы

Нұрбек Оралбай (Әлем чемпионы)

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Седрик Белони-Дулиепре (Гаити)
1/16 финал. Карлос Гонгора (Эквадор)
1/8 финал. Алексей Алфёров (2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
1/4 финал. Ирландия, Бельгия, Армения т.б

92 келі. 44 қатысушы

Айбек Оралбай (Азия чемпионы) — лицензиялық турнирде алғаш рет бақ сынайды.

Мүмкін болар қарсыластары:

1/32 финал. Санжит Санжит (Үндістан)
1/16 финал. Ханеул Жанг (Оңтүстік Корея)
1/8 финал. Хулио Сесар Кастильо Торрес (2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)
1/4 финал. Жамар Тэллей (2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)

Естеріңізге сала кетейік, әр салмақта жартылай финалға шыққан боксшылар Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

Қазіргі сәтте бокстан Қазақстан еншісінде екі жолдама бар. 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен әйелдерден 57 келідегі Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасына баруға мүмкіндік алған еді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated