Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 12 трлн теңгеден астам салық жиналды. Мұны ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Мұратбек Мусин айтты.
«Жыл басынан бері біздің мемлекеттік бюджетке салықтық нақты түсімдер 12 трлн 112 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджетке – 8 трлн 100 млрд, ал жергілікті бюджеттерге 4 трлн 011 млрд теңге болды. Енді ең ірі салық түрлеріне тоқталсақ, олар: корпоративтік табыс салығы, қосымша құн салығы (импорт және ішкі тауарларға), кедендік баж салығы, акциз, жер қойнауын пайдаланғаны үшін алынатын төлемдер», - деп ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап қатты Мұратбек Мусин.
Қоса кетсек, 2025 жылдан бастап банктің операциялардан тапқан пайдасына салық салынады.