«Білімді ұлт» сапалы білім беру»: Елордадағы мектептерде бағдарлама қалай жүзеге асуда?

Адами ресурстарды даярлау және олардың сапасын жақсарту, мемлекет пен қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін, тәуелсіздік жылдары білім берудің жаңа модельдері қалыптасты.

Оның ең үлкен дәлелі ретінде 2020-2025 жылдарға арналған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын келтіруге әбден болады. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық әрі әлеуметтік әлеуетін арттыру және дамыту үшін зор маңызды иеленеді.

Бұл бағдарлама 5 міндетті қамтиды:

1-міндет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету

2-міндет. Орта білім беру сапасын арттыру: Қазақстанның өңірлері, қалалық және ауылдық мектептері арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту (PISA)

3-міндет. Мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету

4-міндет. Қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету

5-міндет. Қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Кез-келген дүние статистика арқылы көрінеді. Нәтижесінде істелген әрекеттердің қаншалықты дұрыс немесе бұрыс жүзеге асқанын байқайсыз. Бүгінгі әрекеттердің нәтижесі қоғамға қаншалықты әсер етуде?

2023 жылдың көрсеткішіне сәйкес Астана қаласында 171 мектеп бар. Бұл 2 жыл бұрынғы статистикамен салыстырғанда 28 мектепке көп.

171 мектептің 101-і мемлекеттік, 63 жеке және 7 республикалық деңгейді құрайды. Ал 2021 жылы бұл сан 97 мемлекеттік, 39 жеке, 7 республикалық еді. Яғни заман ағымына сәйкес, мемлекеттік мектептегі орын тапшылығын жеке мектептер шешіп жатыр.

Жалпы елордамызда 2023-2024 жылдың оқу маусымында 261 128 оқушы білім алады. Салыстырмалы түрде 2021 жылы 214 261 шәкірт тәлім алған. Бұдан байқайтынымыз, Астана қаласында мектеп санының арттыру уақыт күттірмейтін мәселе екенін аңғартады.

Жеңіс Қасымбек (Астана қаласының әкімі):

«Ел астанасының аумағы уақыт өткен сайын кеңеюде. Сәйкесінше тұрғындардың да саны жылына 70 000-ға артып жатыр. Оның 40 000-ы өзге өңірден көшіп келсе, қалған 30-35 мың сәби қаламызда дүниеге келеді. Бұл ел бойынша өте үлкен көрсеткіш әрі қуанышты жайт. Дегенмен, балалар үшін әлеуметтік инфрақұрылымдарды салуды талап етеді. Ол жағынан үлгере алмай жатырмыз. Жедел арада балабақша, мектеп, аурухана, емханалардың санын арттыруға тиіспіз. Кейінгі 15 жылда динамика бұзылды.

Дәл қазіргі сәтте 50 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр. Тапшылықты жою үшін, 3-4 жылда кем дегенде 60 балабақша салуды жоспарлаймыз. 2017 жылдан бері әкімшілік мемлекеттік балабақша ашпады. Тек жеке балабақшалар ғана соғылды. Алайда азаматтар мемлекеттік балабақшадан орын сұрайды. Өйткені әр балаға ай сайын 50-70 мың төлейтін отбасылардың саны көп емес.

Мектеп те жетіспейді. Президенттің қолдауымен осы жылы Астана қаласында 24 мектептің құрылысы басталды. Олардың барлығы келесі жылдың күзіне дейін қолданысқа берілуі тиіс. Одан бөлек, жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер бойынша өтелген қаржыға 11 мектеп тұрғызылуда. Оның 4-уі қолданысқа берілді. Қалғандары жыл соңына дейін ашылады. Ал келер жылы тағы да 8 мектептің құрылысын бастаймыз деп, жоспарлап отырмыз.»

Батырбек Қошқарбаев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated