Порталдың ақпаратына сәйкес, Қытайда коронавирустың жаңа ошағына қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды. Бейжің қаласындағы көтерме сауда базарының қызметкерлерінен анықталған инфекция – бұл коронавирустың жұқпалырақ жаңа түрі. Уханьдағыдан гөрі қауіптірек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі бағдарламасының директоры Майкл Райанның айтуынша, бұл жағдай алаңдаушылық тудырады. Ухань университетінің вирусологы Ян Чжаньцюдің айтуынша, Бейжіңдегі жағдай Еуропаны еске түсіреді.

Бұл дегенміз вирус жұқтырғандар саны Уханьдағы жағдайдан әлдеқайда асып түсуі мүмкін. Уханьның инфекцияның басталуынан бастап екі аптаның ішінде жеткен көрсеткіштеріне Бейжің төрт-ақ күнде жетіп отыр. Бұл адамдардың вирусқа дайындығы мен ыстық ауа райы секілді факторларға қарамастан тіркелуде.

Еске салсақ, Бейжіңде 56 күннен кейін коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated