1-сыныпқа қабылдаудың жаңа ережелері қандай?

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес биыл 1-сыныпқа баланың құжатын қабылдау 1 маусымда басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Комитет төрайымының айтуынша, мектепке ең алдымен жақын маңда тұратын учаске тұрғындары тапсыра алады. Сондай-ақ осы жылдан бастап оқушылардың құжатын қабылдауға жаңа норма енгізілген.

"Білім туралы заңның 26-бабы 2-тармағында белгіленгендей, бірінші кезекте сол аумақтың тұрғындары  құжат тапсыра алады. Яғни сол мектепке жақын маңдағы үйлердің тұрғындарынан құжаты қабылданады. Биыл жаңа "Үшке бір" деген норма енгізілді. Яғни, тиісті учаскеден 3 бала, басқа учаскеден 1 баланың құжатын қабылдауға болады", - деді Майра Мелдебекова. 

Құжат екі жолмен қабылданады:

  1. Egov порталы арқылы 3 құжат тапсыру керек: ата-ананың өтініші, баланың 3х4 суреті және медициналық анықтамасы.
  2. Құжатты қағаз түрінде мектепке барып, бұрынғы дәстүрлі жолмен өткізуге болады.

Сондай-ақ БҒМ Білім беруді цифрлық трансформациялау департаментінің директоры Қанат Кенбай Egov порталы арқылы Электронды цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен құжат өткізу тәртібін түсіндірді.

"Ата-ана Egov арқылы бір емес, бірнеше баласы үшін өтініш жібере алады. Елдегі барлық мектепке жүйеге енгізілген. Тиісті мектепті таңдап, жіберуге болады... Айта кету керек, баланы мектепке білім басқармасы емес, әр мектептің өзі қабылдайды", - деді департамент директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated