Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды, деп хабарлайды Aqnews.kz

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растайды", делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда.

"Тергеу шаралары жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпараттар жария етуге жатпайды", - дейді Антикор.
Ерлан Қожағапанов мына уақыт аралығында екі рет мәдениет және спорт вице-министрі болды:

11.2017 – 08.2019
04.2021-13.09.2021
Әр жылдары Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасары қызметін атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен 2022 жылдың сәуіріне дейін премьер-министрдің кеңесшісі болды.

Айта кетсек, 2024 жылы 29 ақпанда Қаржы мониторингі агенттігі "Қазарнаулыэкспорт" РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғановтың ұсталғанын хабарлады.

Ол қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated