"Бәйтерек" старттық кешені "Назарбаев старты" деп аталады

Назарбаев
Фото: inbusiness.kz

Ресей президенті Владимир Путин Байқоңырдағы "Союз-6" және "Союз-5" орташа және жеңіл кластағы зымыран тасығыштарды ұшыруды іске қосатын ғарыш кешенін Қазақстанның Тұңғыш Президентінің құрметіне атауды ұсынды, деп хабарлайды Роскосмос.

Старттық кешен "Назарбаев старты" деп аталатын болады. Бұл идеяны Владимир Путин Мәскеудегі көрмені аралау кезінде "Қазақстан" павильонын тамашалағанда айтқан.

Қазақстан мен Ресей 2018 жылдың 22 тамызында Байқоңырда зымыран тасығыштардың жаңа ұшыру кешені - "Бәйтеректі» құру туралы келісімге қол қойды. Бұл жобаны құру туралы бастама 2004 жылы көтерілген болатын. "Бәйтерек" старттық кешені "Союз 5" зымырандарын ұшыруға арналған.

Жаңа старттық кешеннен алғашқы зымыран 2022 жылы ғарышқа ұшып шығады деп жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated