Бүгіннен бастап "Қазпошта" бөлімшелері жұмыс істейді

Қазақстанда 10 қаңтардан бастап "Қазпошта" бөлімшелері қайта жұмыс істей бастады. Пошта бөлімшелері зейнетақылар мен жәрдемақыларды интернет байланысы жұмыс істеген уақытта штаттық режимде беретін болады.

Сондай-ақ, банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтыру бойынша жұмыс басталды. "Қазпоштаның" барлық клиенті 10 қаңтардан бастап бөлімшелерден де, банкоматтардан да ақша ала алады.

Ал "Оңтүстік" ақпараттық-логистикалық орталығының Қазақстан бойынша магистралды маршруттарды іске қосуының арқасында, 10 қаңтардан бастап пошта жөнелтілімдерін қабылдау және өңдеу қайта басталады.

Aqnews.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

*

This section (Read Next) requires plugin WP Post Blocks installed and activated